AgroSkiils Aktobe – 2022
Мамырдың 19- жұлдызында «AgroSkiils Aktobe – 2022» чемпионатының екінші күнінде В,С модулдері бойынша тапсырмалар орындады.






Мамырдың 19- жұлдызында «AgroSkiils Aktobe – 2022» чемпионатының екінші күнінде В,С модулдері бойынша тапсырмалар орындады.
Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылық колледжінде мамыр айының 18- жұлдызында аймақтық «Agroskils Aktobe -2022» чемпионаты басталды. Чемпионатта колледж базасында «Агрономия», «Ветеринария», «Ландшафты дизайн» , «Ауылшаруашылық машиналарын жөндеу және қызмет көрсету» құзіреттіліктері бойынша облысымыздағы аграрлық колледждердің студенттері қатысуда. Чемпионаттың мақсаты – ауылшаруашылық саласындағы еңбек адамының мәртебесін дәріптеу және жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, шеберлік дағдыларын дамыту. Чемпионаттың алғашқы күнінде әрбір құзіреттіліктердің А модулі бойынша қатысушылар сайысқа түсті
2022 жылғы 18 мамырда Ақтөбе облысында басталған «Worldskills Aktobe -2022» аймақтық чемпионатына Ақтөбе жоғары ауылшаруашылық колледжінің жас болашақ мамандары бес құзіреттілік бойынша қатысып, кәсіби біліктері мен дағдыларын сынамақшы
Мамыр айының 12-13 жұлдызында колледжіміздің базасында «Энергожүйе»ЖШС облыстық электромонтерлар бригадалары арасында кәсіби сайыс өткізді.Мамандардың кәсіби шеберлігі сыналған сайыста Ембі учаскесі жеңіске жетті.
Мамыр айының 11-жұлдызында колледжімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты М.С.Жұмағазиевпен кездесу өтті. Кездесу барысында сенатор М.С.Жұмағазиев президент жолдауы туралы әңгіме өрбітіп, ауылшаруашылығы саласындағы көкейкесті мәселелерді шешу жолындағы өз ұсыныстарымен бөлісті.
9 мамыр Ұлы Отан соғысының 77 жылдығымен құттықтай отыра,Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің білім алушылары “Жеңіс туы желбіресін”атты челленджді барлық оқу орындарына жолдайды.
Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің Студенттер кеңесі барша ер азаматтарды 7 мамыр Отан Қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтай отыра,колледжміздің ер жігіттеріне мерекелік кеш сыйлады.
27 сәуір күні Технология бөлімінде «Еңбегі сіңген халқына» тақырыбында іскер ерлермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге «РОКОС» ЖШС техник-технолог маманы Канаш Константин Леонидович шақырылып, болашақ технолог мамандарымен өз еңбек жолын таныстырды. Мақсаты: Технолог мамандығының студенттерінің кәсіби қызығушылығын арттыру.
олледжіміздің арнайы пәндер оқытушысы Хамитов Дархан «Агрономия» мамандығының 121 топ білім алушыларымен «Жеміс ағаштарын кесу» тақырыбында шебер — класс өткізді. Шебер — класс барысында білім алушылар теориялық білімін тәжірибемен ұштастыра білді. Шебер — класс тек қана білім алушыларға ғана емес сонымен қоса жас мамандарға да өте танымды болды.