Жаналықтар

Сабақта ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру жолдары

Қаңтар айының 20 — жұлдызында колледжімізде « Сабақта ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру жолдары» тақырыбында шебер – класс өтті. Шебер- класс барысында колледж оқытушылары А.Айтекова мен А.Қанбаева сабақ барысында пәнге деген қызығушылықты арттыратын ойын технологиясының элементтерін көрсетті. Шебер – класты ұйымдастырушылар «Тұлғаны таны», «Жаңалық ашамыз» ,»Домино»,»Жұмбақ зат» т.б. әдістер арқылы сабақты нәтижелі өткізудің әдістемесін ұсынып,өз тәжірибелерімен бөлісті.