Жаналықтар

Виртуалды платформаларды сабақта қолдану оқушы белсенділігін арттырудың тиімді тәсілі ретінде

Қысқы каникул кезінде Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылық колледжінде zoom платформасында «Виртуалды платформаларды сабақта қолдану оқушы белсенділігін арттырудың тиімді тәсілі ретінде…» тақырыбында шебер класс өткізілді. Шебер класта оқытушылар Г.Изтаева «Castlots», «LearningApps», «Jeopardy Labs» Ж.Шакарбекова «Wordwall», «Classroomscreen» және Ж. Тасымбай «Plickers», «Mentimeter» интерактивті жаттығулар жасауға арналған онлайн-ресурстар туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. Шебер класс барысында оқытушылар аталған платформаларда тиімді жұмыс жасаудың мүмкіндіктерімен танысты.