Жаналықтар

«Ақыл-ой империясы» интеллектуалдық сайыс

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ағымдағы жылдың 17-24 қараша аралығында Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылық колледжінде Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталықтың жоспарына сәйкес облыстық «Ақыл-ой империясы» интеллектуалдық сайысы өткізілді. Аталмыш іс-шара жастарды отансүйгіштікке, ел тарихына адал болуға тәрбиелеу, патриоттық сезімін биікке көтеру, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту мақсатында кең көлемде ұйымдастырылды. Сайыс шарты бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының І курс білім алушылары І кезеңде онлайн форматы арқылы берілген тестілеу нәтижелері бойынша іріктелді. ІІ кезеңге іріктеуден өткен 10 үміткердің барлығы 24 қарашада офлайн сайысқа қатысып,тапқырлықтары мен таным, білімдерін сынға салды.

Сайыс нәтижесінде Ақтөбе технико-технологиялық колледжінің білім алушысы А.Қуатжанов І орынды, Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылық колледжінің білім алушысы Ж.Жармағамбетова ІІ орынды, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің білім алушысы Н.Тілектес және «Дүние» колледжінің білім алушысы А.Сағидан ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздар мен қатысушыларға Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы атынан дипломдар, алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды