Uncategorized

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы ауыл шаруашылығы саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурс

Республикадағы ауыл шаруашылығы секторын дамыту жағдайында ауыл шаруашылығы саласындағы ТжКОБ ұйымдарының неғұрлым талантты педагогтерін анықтау,кәсіби шеберліктерін жетілдіру және қолдау мақсатында болған бұл конкурсқа  Ақтөбе облысынан Ақтөбе Жоғары  ауылшаруашылық колледжінің «Ветеринария» мамандығының арнайы пән оқытушысы Куанов Дәуренбек Сұлтанғалиұлы мен «Агрономия» мамандығының арнайы пән оқытушысы Хамитов Дархан Баймурзаевич  қатысып келді. Екі кезеңнен тұратын конкурста  қатысушылар теориялық және тәжірибелік дайындықтарын, кәсіби біліктері мен дағдыларын, оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық тәсілдерді пайдалануын, жоғары еңбек мәдениетін және кәсіби-педагогикалық лексиканы қаншалықты меңгергендігін көрсетті. Бірінші кезеңде конкурс қатысушылары мамандық бойынша тестілеуден өтсе, екінші кезеңінде «Ветеринария» мамандығы бойынша

Жануарларға диагностикалық лапоротомия жасау;

Патогенді бактерияларды анықтау (микроскопия);

Жануарларға  дәрілік заттарды енгізу;

УДЗ аппаратымен ұсақ малдың буаздылығын анықтау модулдері бойынша,  «Агрономия» мамандығы бойынша

Топырақ гумусын анықтау;

Жеміс ағашын телу әдісі;

Дәнді дақылдар тұқымдарының орташа сынамасын іріктеу және жасау. Бидайдағы ақуыз құрамын анықтау;

Топырақтың агрохимиялық қасиеттерін анықтау.

Күздік бидайдың көктемгі азықтандыру мөлшерін есептеу модулдері бойынша сынға түсті.

Конкурс қорытындысында  Ақтөбелік педагогтар Д.С.Қуанов «Үздік ветеринарлық хирург» номинациясын жеңіп алса,  Д.Б. Хамитов алғысхатпен марапатталды.