Uncategorized

Демонстрациялық емтихан өткізуді ұйымдастырудың ерекшеліктері

2022 жылдың 6 сәуірінде колледж жанындағы республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктің ұйымдастыруымен «Демонстрациялық емтихан өткізуді ұйымдастырудың ерекшеліктері: әдістеме және тәжірибе» тақырыбындағы республикалық онлайн-семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: Демонстрациялық емтихан өткізудің ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етілуі бойынша ақпараттарды жүйелеу және Worldskills стандарттарына сәйкес демонстрациялық емтихан өткізу бойынша тәжірибе алмасу. Семинар барысында «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы WorldSkills дамыту басқармасының бас менеджері А.Еставлетова және Шығыс Қазақстан облысындағы Самар агротехникалық колледжінің, Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің, ОҚО Құлан агротехникалық колледжінің арнайы пән оқытушылары өз тәжірибесімен бөлісті.