Uncategorized

Мұғалім мен оқушының арасындағы қарым қатынас мәселелері

8- сәуір күні «Жас мамандар» мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес колледж әдіскері М.М.Иса жас мамандармен «Мұғалім мен оқушының арасындағы қарым қатынас мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел барысында жас маман Қали Ұлдайдың тәлімгері С.У Сегизбаева және колледж психологы Т.Т. Жанаберген өз ойларымен бөлісіп, психолог жас мамандармен тренинг өткізді. Дөңгелек үстел барысында жас мамандар оқушылармен жұмыс барысында кездескен қиындықтарын айтып, кеңес алды.