Uncategorized

Ауылшаруашылығын механикаландыру мамандығы бойынша арнайы пән оқытушылары әлеуметтік серіктестермен кездесу ұйымдастырды.

2022 жылдың 8-сәуір күні академиялық дербестік негізінде дайындалған жұмыс оқу жоспарларын талқылау мақсатында «Ауылшаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушылары әлеуметтік серіктестермен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге Ақтөбе фермерлер ассоциациясының төрағасы М.Баймагамбетов және «Елім Табантал» ЖШС-нің басшысы Н.Төлемісов қатысып, келесі оқу жылына дайындаған жұмыс оқу жоспарын талқылады.