«Аграрлық» бөлімнің арнайы пәндер оқытушысы Куспанова Ш.Г. жерге орналастыру мамандығының 2-курс студенттеріне «Ұялы телефонның пайдасы мен зияны» тақырыбында іс-шара өткізді.Шараның мақсаты:
- интеллектуалдық шыншылдық принципіне берік болу;
- әр түрлі көзқарастарға түсіністік таныту арқылы адамдар арасындағы сыйластықты арттыру;
- ақпаратты тиянақты етіп ұсына отырып, өз ұстанымдарын нақты дәлелдер арқылы дәлелдеу;
- тақырыпқа байланысты әртүрлі деректер, материалдар, фактілер, статистикалық мәліметтерді саралау арқылы оқушылардың танымдық-эвристикалық қабілеттерін арттыру.


