Uncategorized

«Жас қыран-2022» Республикалық көп жанрлы байқауы

16 шы Сәуір күні 2022 жыл “Балалар Жылы” жасөспірімдердің шығармашылық шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған көп салалы Республикалық “Жас қыран – 2022” байқауында Ш. Берсиев атындағы Ақтөбе Жоғары ауыл шаруашылық колледжінің студенттері , хореграфия жанры бойынша “Жауқазын” би ансамблі мен көркемсөз жанры бойынша Өмірсерікова Нұржауһар мен Сейтмағамбет Данияр өз өнерлерін ортаға салды. Байқау нәтижесі бойынша хореграфия бағытында “Жауқазын” би ансамблі қыздары Бас жүлде иегері атанса, көркем сөз жанры бойынша да Өмірсерікова Нұржауһар мен Сейтмағамбет Даниярда Бас Жүлде иегерлері атанды.
Жеңімпаздарымыз арнайы дипломдар мен кубокпен марапатталды.
Сайыскерлерді шын жүректен құттықтап, одан әрі биік белестерден көріне берсін дейміз. 🏆🏆🏆
Жетекшісі:Умбетова Сункар Нуртаевна.