Жаналықтар

«Worldskills Kazakhstan -2022» чемпионатының жабылуы

2022 жылдың 24- мамыр күні аймақтық «Worldskills Kazakhstan -2022» чемпионатының жабылу салтанаты өтті. Біздің колледжімізден «Ветеринария» құзыреттілігі бойынша қатысқан Жұбатов Қонысбай І- орын, Бектурганов Ералы ІІІ-орын, » Ауыл шаруашылығы машиналарына қызмет көрсету және жөндеу» құзыреттілігі бойынша Тынымжан Алихан І-орын, «Агрономия» құзыреттілігі бойынша Сайлаубек Аружан І-орын, «Ландшафты дизайн» құзыреттілігі бойынша Ырзабаев Ералы І-орындарды иеленді. Сонымен қоса колледж ұжымы чемпионаттың жоғары деңгейде өтуіне және байқау алаңдарын ұйымдастыруда қосқан үлесі үшін Ақтөбе облыстық білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды. Студенттерімізді алған жүлделі орындарымен құттықтай отырып, Республикалық чемпионатта да жүлделі орындардан көрінуіне тілек білдіреміз.