Жаналықтар

«Студенттік өмірді сағындым» атты кездесу өткізілді.

Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде әр жылдары бітірген колледж түлектерімен «Студенттік өмірді сағындым….» атты кездесу өткізілді. Түлектермен кездесу ұйымдастырудың мақсаты: • Әріптестік және өзара көмек пен ұжымдық рух қалыптастыру; • Колледждің имиджін көтеру мен қолдау; • Колледж түлектерінің өзара және оқу орнымен байланысын сақтау; • Әр түрлі жылдары бітірген түлектердің мерейтойларын үйлестіру және ұйымдастыру; • Түлектерді үгіт-насихат жұмыстарына қатыстыру, әлеуметтік әріптестік орнатуын қамтамасыз ету; • Түлектермен үнемі байланыс ұйымдастыру