Жаналықтар

Индустриялдық кеңес отырысы

2022жылдың 1-маусымында колледж жанындағы индустриалдық кеңес отырысы болып өтті. Индустриалдық кеңестің негізгі мақсаты колледжде іске асырылатын білім беру бағдарламаларының өзектілігі, сапасы мен стратегиялық қажеттілігіне қатысты консультациялар мен ұсынымдар беру болып табылады. Кеңес құрамына әлеуметтік серіктестер, кәсіпорын басшылары кірді. Индустриалдық кеңестің жұмыс шеңберінде колледждің жоспары, әрі қарайғы ынтымақтастық, кәсіптік білім беру аясындағы маңызды мәселелер талқыланды