Санатталмаған

«Ақтөбе өңірінде климат пен топырақтың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес өсімдік шаруашылығын дамыту және аграрлық саладағы кадр мәселелерін шешу»

Маусым айының 7-ші жұлдызы күні «Ақтөбе өңірінде климат пен топырақтың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес өсімдік шаруашылығын дамыту және аграрлық саладағы кадр мәселелерін шешу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында өсімдік шаруашылығы саласындағы инновациялық технологиялар, ауыл шаруашылығын ұйымдастыру үшін кадр мәселесін шешу, ауыл шаруашылығы саласын насихаттау, маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүзеге асыру үшін қажетті құзыреттіліктерді алу бойынша қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.