Жаналықтар

Университетпен ынтымақтастық

Маусым айының 15-16 жұлдызында директордың ОӘІЖ орынбасары Әсемгүл Әбдіғалиқызы Орал қаласы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетіне қызметтік іс сапармен барып келді. Іс сапар барысында екі оку орны арасындағы ынтымақтастық меморандум аясында жасалатын жұмыстар мен жоспарлар талқыланды. Сонымен қатар университет оқытушыларымен бірге өткізілетін іс шаралар,семинар ,шебер кластар жоспарланды.