Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің студенттері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында Технология бөлімінің 911 және 811 топ студенттеріне арнайы пән оқытушылары Г.Тулеушова және Ұ.Жүсіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Концепция негізінде адалдық, заңдылық пен прагматизм әркімнің ішкі құндылығына айналуға тиіс.
Ауқымды профилактикалық түсіндіру жұмыстары азаматтарды мәселелерді шешудің заңсыз тәсілдерін іздеу қажеттілігінен қорғауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, аудиторияға 1424 бірыңғай колл-орталығының жұмысы туралы ақпарат жеткізілді.