ДОТ

Қыркүйек айының 7-жұлдызында колледж оқытушыларына арналған «Студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесін қолдану» тақырыбында әдістемелік бейнеконференция өтті.
Колледж әдіскері А.Турмаганбетова оқытушылармен тікелей эфирде әдістемелік сағат өткізді.
Колледж әдіскері А Турмаганбетова ТКББҰ 80жылдық мерейтойына байланысты колледж оқытушыларымен «Техникалық және кәсіптік білім берудің кеше мен бүгіні » деген тақырыпта семинар өткізді
2020 жылдың қазан айының 23-жұлдызында Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылық колледжінде «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» факультативінің тыңдаушыларының облысымызда белгілі, танымал кәсіпкер «Жантизер» ШҚ басшысы Ержанов Бақытжан Олжабайұлымен кездесуі өтті. «Табысты болудың құпиялары» деп аталатын осы шарада Бақытжан Олжабайұлы кәсіпкерліктің қыр сыры туралы әңгіме өрбітіп, білім алушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Кәсіпкерлікпен айналысудың тиімді жолдары туралы ақыл-кеңес берді.Кездесу әсерлі өтті.
14 қазан-23 қазан аралығында Жалпы білім беретін циклдік әдістемелік бірлестігі оқытушылары арасында «Қашықтықтан білім беру-заман талабы » атты декадасы өтуде. Декада аясында 16 қазан күні сағат «Қашықтықтан оқыту жүйесінде бейнесабақтар түсірудің тиімді әдістері мен құрылымы»
тақырыбында Сегизбаева Света Уркимбаевна колледж оқытушылары арасында шебер класс өткізді.
20 қазанда Қанбаева Айнұр Сейітқалымқызы «Заманауи сабақ және оны ұйымдастыруға қойылатын талаптар» тақырыбында ЦӘБ оқытушылары арасында шебер класс өткізіп, оқытушылар бір бірімен тәжірбие алмасып, шеберліктерін шыңдады.
Коллледжішілік шаралар қашықтықтан оқыту кезеңінде мұғалім қызметінің ролі төмендемейтінін, мұғалім әрқашан да білім шыңына жетелеуші екенін көрсетуде.