Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің кітапханасының  жұмысы колледждің құрылған күнінен бастап ұйымдастырылған және ҚР БҒМ 2000 жылғы 17 тамыздағы №827 бекіткен «Кәсіптік білім беру ұйымдарының кітапханасы туралы типтік Ережеге», ҚР БҒМ 2003 жылғы 18 шілдедегі №508 «Білім беру жүйесінің кітапханалары үшін кітапхана ісі бойынша құжаттарды бекіту туралы» бұйрығына және оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.

Кітапхананың басты мақсаты

кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ақыл-ойын, тілін дамыту, кітапты сүюге, ғибрат сөздерден үлгі-өнеге алуға, кітапты құрметтеуге баули отырып, қоғамға пайдалы болуға ұмтылу, еңбекке деген құрмет және махаббат, таңдаған мамандығына деген мақтаныш сезімін ояту.

Жалпы ауданы 355 ш. м. Құрайды. Кітапты сақтау алаңы – 30 ш. м. Оқу залында орын саны-50. Колледж кітапханасы анықтамалық және электрондық оқулықтармен, кәсіптік және арнайы пәндерге арналған әдістемелік құралдармен, сондай-ақ 10 және 11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін оқулықтармен жабдықталған. Жалпы кітап қоры 78643 дана. Қызметкерлерге арналған  3 компьютер, Ғаламторға қосылған 1 интерактивті панель бар. Ғаламтор ресурстарын ыңғайлы пайдалануға үшін Wi-Fi аймағы жұмыс істейді, онда студенттерге жеке тапсырмаларды орындауға және ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға дайындалу үшін әртүрлі сайттармен жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі. Кітапхана қоры колледждің бағыт-бағдарына сәйкес барлық мамандықтардың оқу жоспарлары, оқытушылардың әдебиетке жазған өтінімдері негізінде, сонымен қатар оқырман сұраныстарын ескере отырып жинақталады.

Кітапхана ҚР БҒМ 2016 жылдың 19 қаңтарындағы №44 «ҚР мемлекеттік білім беру ұйымдары кітапханаларының қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау ережесін бекіту туралы»  бұйрығымен басқарылады. Жыл сайын кітапхананың кітап қоры жаңа кітап басылымдарымен жаңартылып отырады.  Осы мақсатта біз «Фолиант», «Эверо», «Мектеп», «Альманах», «Лем», «Бастау», «Айтумар» баспаларымен тығыз әріптестік байланыстамыз.  

Колледждің кітапхана және оқу залы өткізетін барлық іс-шаралар құрылымдық бөлімшенің жұмыс жоспарымен реттеледі.

Кітапхананың жұмыс жоспарына сәйкес төмендегідей жұмыстар жүргізіледі:

Оқу жылы бойы абонементте, оқу залында оқырмандарға (оқытушыларға, оқушыларға) сараланған, жеке, топтық қызмет көрсетіледі. 1 курс оқушылары «Кітапхананы пайдалану ережесімен» танысады. Кітап беру кезінде жеке әңгімелер, жаңа кітаптармен танысу (келіп түсуіне қарай) жүргізілді. Жаңа әдебиеттермен танысу әдебиеттерді «Ашық аралап қарау» арқылы жүзеге асырылды. «Ақпарат күндері» өткізілді.  «Ұсынылатын әдебиеттер тізімі» электронды түрде көрсетіледі.

Оқу жылының соңында топ жетекшілері және студенттермен бірлесе отырып, кітап қорын сақтау бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. Ескі кітаптар есептен алынады.  Лицензиялау бойынша жұмыстар жүргізілді.

А. Байтұрсынов атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университетінің  және  Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің  электрондық  кітапханасымен  келісімшарт негізінде жұмыс жасаймыз.