Меню

Колледж тарихы

Ақтөбе ауылшаруашылық колледжінің тарихы

 

 

   «Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі» МКҚК 18.07.1977 жылы Қаз.ССР ауылшаруашылық Министрлігінің бұйрығы негізінде Ақтөбе қаласы К.Нокин ауылы (бұрынғы Новостепановка ауылы) аймағында Ақтөбе ауылшаруашылық техникумы болып құрылды. Алғашқы оқу жылында талапкерлерді оқуға қабылдау екі мамандық бойынша жүргізілді: «Агрономия» және «Ауыл шаруашылығын механикаландыру». Алғашқы оқу жылын 120 білім алушымен бастаған оқу орнының алғашқы директоры В.М.Гавриш болды.

Ақтөбе облысы әкімінің 1999 жылғы 18 қаңтардағы №12 бұйрығы негізінде Ақтөбе ауылшаруашылық техникумы атауы «Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта ауыстырылды. Қазіргі таңдағы колледж директоры, тарих ғылымының кандидаты Есеркепов Амангельды Кабашевич.

Колледждің қазіргі заман талабына сай материалдық – техникалық базасы бар. Колледждің жер учаскесінің көлемі 21.4571 га құрайды, оның ішінде оқу корпусының көлемі 32924 ш.м.

Білім алушылар  жатақханамен қамтамасыз етілген. Колледж жатақханасы 320 орынға арналған. Сонымен қатар колледжде 50 орындық асханасы, 230 орындық акт залы, шәкірттер сарайы, 50 орындық оқу залы және 13 орындық интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталған, көлемі 355 ш.метр кітапхана жұмыс жасайды.  Ашық стадион, шаңғы базасы, коньки базасы, гимнастикалық зал, жаттығу залы, футбол алаңы, хоккей алаңы, жазғы спорт алаңы, типтік спорт залы және АӘД пәнінен оқу-жаттығу залы жұмыс жасап тұр. Жылы жай, ветеринар мамандығына арналған оқу зертханасы (вивари), дендробақ, қысқы бақ және техникалық қызмет көрсету орталығы (автомобиль мамандықтарына арналған зерханалар мен шеберханалар), электрмен қамтамасыз ету мамандығына арналған полигон және шеберханалар, 19 интерактивті және 10 проектрмен жабдықталған кабинеттер, 14+1 жүйесімен жабдықталған 5 компьютер класы, 4 лингофонды кабинет бар. 

40 жылдық тарихы бар Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі Ақтөбе облысындағы ауылшаруашылық  сала мамандарын даярлайтын бірден-бір оқу орны. Осы уақытқа дейін колледжден 9653 түлек маман атанып шықты. Қазіргі таңда колледжде 15 түрлі мамандық бойынша мамандар даярлау жүзеге асырылуда.