Ақтөбе ауылшаруашылық техникумын ашу идеясы Қазақ  ССР – ы ауыл шаруашылық министрлігінде  туындады. Өйткені  Республикада орта буын ауылшаруашылық мамандары тапшы еді. 1975 жылы «Актюбжилстрой»  мекемесі  оқу  ғимаратының, № 1 жатахана  және  қазандық құрылысын  бастап кетті.

1977 жылдың 18 шілдесінде  Ақтөбе  ауылшаруашылық  техникумын  ашу  туралы  бұйрық шығарылды. Облыстық, аудандық  газеттерге қабылдау туралы хабарландыру жіберілді. «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» және «Агрономия»  мамандықтары бойынша білім алушы қабылданды. Әрбір мамандық бойынша 2 топтан, барлығы алғашқы  қабылдау 120 адамды  құрады. Сабақтар оқу ғимаратының бірінші  және екінші қабаттарында жүргізілді.Онда 14 кабинет, 22 зертхана болды. Үшінші және төртінші қабаттарда білім алушыларға, оқытушыларға және қызметкерлерге арналған жатахана орналасты.

1999 жылдың 18 қаңтарында  Ақтөбе  облысы  әкімінің № 1 шешімімен және 1999 жылдың 14 қаңтарында облыстық білім басқармасының № 12 бұйрығымен мемлекеттік мекеме “Ауыл шаруашылық  колледжі” болды.

2004 жылдың 5- шілдедегі Ақтөбе облысы әкімінің № 163 қаулысы негізінде «Ауылшаруашылық колледжі» «Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі» болып өзгертілді.

2018 жылғы 4 мамырдағы Ақтөбе облысы әкімінің № 206 қаулысы негізінде «Ақтөбе  ауылшаруашылығы  колледжі» «Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылығы колледжі» болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021жылғы 21 қыркүйектегі № 640 қаулысы  негізінде «Ақтөбе  облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорынының  атауы «Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» болып өзгертілді.