Меню

Қамқоршылық кеңес

    Ақтөбе облысының білім басқармасы ММ-нің 23 01 2019 жылғы №2-385 хатын орындау мақсатында 28 қаңтар күні Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті.


Қатынасқандар:

         Кумаров Нұрым Сағынғалиұлы- «Бестамақ малшаруашылық жүйесі ЖШС» директоры, Кеңестің төрағасы міндетін атқарушы;

Күн тәртібі:

  1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу шаралары;
  2. Педагог мәртебесі туралы Заң жобасын талқылау;
  3. Бос білім беру ұйымдары басшыларын тағайындаудағы қамқоршылық кеңестің ролі.

Қабылданған шешімдер:

  1. Тәртіп бұзушылардың ата-аналарымен я болмаса қамқоршылығына алған адамдармен кездесіп, практикадан өтуге, жазғы демалыс кезінде еңбекпен тәрбиелеуге жағдайларын жасауға мүмкіншілік жасау
  2. Педагог мәртебесі туралы заң қабылдануын, олардың әлеуметтік жағдайларының жақсаруына, болашақ ұрпақтың саналы болып қалыптасуына бірден-бір себепкер мұғалім ұстаздың мерейі биік болуына ат салысу
  3. Қамқоршылық кеңестің басшыны тағайындауға өкілеттілігін орындауға ат салысу

Қамқоршылық кеңестің отырысы

 Қамқоршылық кеңестің мүшесінің  «Ветеринария және Зоотехния»  мамандығы бойынша материалдық -техникалық базасын нығайту мақсатында сертификат тапсыруы

Қамқоршылық кеңестің мүшесі Тертерян Гайк Вардгесович «Ет және ет өнімдерінің өндірісі» мамандығы бойынша ет өңдеу оқу цехын жабдықтады.

Оқу-өндірістік жұмыстар

Айтса-жадымда сақтаймын

Көрсетсе-ұмытып қаламын,

 ал қолмен жасасам –үйренемін.

Конфуций

Колледждің оқу-тәжірибелік жұмыстары оқу-жұмыс бағдарламасы және оқу процесінің графигіне сай жүргізіледі. Жоспарланған оқу тәжірибелерінің 80%-ын  колледж базасында өткізуге мүмкіншілік қарастырылған. Материалдық-техникалық базасы мамандықтарға сай жабдықталып тәжірибелі жоғары білімді мамандармен қамтамасыз етілген.  Кәсіптік тәжірибелер өз  күрделіктеріне қарай шаруашылықтарда кәсіптік практиканы өткізуге арналған шарт негізінде іске асырылады.(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығы)

Әлеуметтік серіктестік

 «…Мемлекет пен бизнес тек экономикалық қана емес, әлеуметтік мәселелерді шешуде толыққанды серіктес болуы тиіс»                                                                                           Н. А. Назарбаев  

          Мемлекет басшысының басым міндеттердің бірі – Қазақстанды жоғары өмір сүру стандарттары бар қарқынды дамушы елдердің біріне айналдыру, әлеуметтік бағдарланған бизнес қалыптастыру болып табылады.

         Колледждің әлеуметтік серіктестіктері  аймақ экономикасының дамуына үлестерін қосып отырған ірі-ірі шаруашылықтар. Сұранысқа ие болатын кадрлар дайындауға ат салысуда. Олар атап айтса: «Парижская коммуна» ЖШС, «АкТеп» ЖШС, «Жантизер» ШҚ, «Акбар» ШҚ, «Болат-ЛТД» ЖШС, «Ақтөбе ветеринарлық станциясы» МК, СПК «Айбек», Ақтөбе «Энергожүйе» АҚ, «Степное» ЖШС, «Токмансай» ЖШС, «Адай» ШҚ, «Ақтөбе газ аймақ» АҚ, «Ақтөбе шинторг» ЖШС.

 Оқушылар «Анди» ЖШС – нде экскурсияда .

  «АкТеп» ЖШС

Шошқа өсіретін кешенді тәжірибеде

Дуальды оқыту жүйесі

     «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 қаңтардағы № 319 заңы, және облыстық білім басқармасының бұйрығына сәйкес колледж 2014 жылы «Ветеринария» мамандығын экспериментальды негізде дуальды оқыту жүйесін ендіріп 2017 жылы өте жақсы нәтижемен аяқтады. Оған дәлел ретінде облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қатысуымен  колледж базасында Алматы ұлттық аграрлық университеті, С.Сейфуллин атындағы Астана аграрлы-техникалық университеті, Жәнгір хан атындағы Батыс-Қазақстан ауылшаруашылық университеті, Орынбор мемлекеттік аграрлық университетінің ректорлары мен оқытушы-профессорлары және аграрлық саладағы тауар өндірушілері қатынасқан ғылыми-практикалық конференция аяасында әлеуметтік серіктестіктер басшылары өз шаруашылықтарында дуальды оқыту жүйесімен дағдыдан өткен түлектеріне жұмыспен қамту туралы сертификаттарын тапсырды.  Заңда көрсетілгендей «Дуальды оқыту-кәсіпорынның, оқу орнының, білім алушының тең жауаптылығы кезінде жұмыс орындарын бере және білім алушыларға өтемақы төлей отырып, білім беру ұйымында оқытуды кәсіпорында оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастырып, кадрлар даярлау нысаны» екенін біздің әлеуметтік  серіктестер дәлелдеп шықты

       Республикалық Ұлттық кәсіпкерлер палатасының президенті Н.Шотанов және орынбасары Н.Альтаев мырзалар

.