Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің аса құрметті ұстаздар қауымына өз алғысымды білдіргім келеді. «Ұстаздық еткен жалықпас , Үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай балаларға бар білгенін үйретуден аянбайтын колледж оқытушыларына зор денсаулық, мол бақыт, шығармашылық табыс тілеймін. Осы атқарып жүрген қиындығы мен қызығы қатар жүретін қызметтеріңіздің тек жемісін көріңіздер. Сіздердей керемет ұстаздардың білім алушылары бәсекеге қабілетті, өз ісін жақсы меңгерген, білімді, еңбексүйгіш маман болып шығатытына сенімім мол. Ізгі тілекпен: 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының ІІІ курс 1131-топ ата-аналар комитетінің төрағасы, Айдана Қанатқызы Жаңабергенованың әкесі Қанат Жаңабергенұлы Айтмағамбет