«Жас Маман» жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылғы 23 қаңтардағы Жастар жылының ашылу салтанатында берген тапсырмасына сәйкес әзірленді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Еңбек мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысымен «Жас Маман» жобасының операторы болып КЕАҚ «Кәсіпқор» холдингі болып тағайындалды. «Жас Маман» жобасының мақсаты – 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнында сұранысқа ие 100 мамандық бойынша жаңғырту және білікті мамандарды даярлауда халықаралық тәжірибені енгізу.

«Жас маман» жобасы бойынша мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

–  аймақтар контекстінде сұранысқа ие 100 өндірістік және қызмет көрсету кәсіптерін анықтау;

–  таңдалған мамандықтар бойынша мамандар дайындайтын колледждер мен университеттерді іріктеу;

–  сатып алынатын құрал-жабдықтардың тізімін қалыптастыру; -жаңғыртуға шетелдік серіктестерді тарту -оқу үдерісі, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін даярлау, сондай-ақ жарияланған кәсіп          бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес кадрларды даярлау бағдарламасын құруға жәрдемдесу; -қосымша қаржыландыру шартымен (жергілікті бюджеттерден кемінде 5%) колледждерге жабдықтар       сатып алу. -лизингтік механизм арқылы және/немесе ЖОО-лардың өз қаражаты есебінен жабдықтар сатып алу.

«Жас Маман» жобасын іске асыру нәтижесінде білім беру ұйымдары республикалық және халықаралық деңгейде сұранысқа ие мамандарды даярлауға қажетті заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталады, жарияланған мамандық бойынша өз аймағы үшін құзыретті орталыққа айналады. Сондай-ақ WorldSkills чемпионаттары үшін қатысушыларды даярлайтын болады.