Меню

Жастар ісі жөніндегі  комитет

Жастар ісі жөніндегі  комитет

 Айтқазықызы Гүлназ

 тел:8 701 365 77 92

 

 

 

 

 

 

Жастар ісі жөніндегі комитет жұмысы

       Колледждегі Жастар ісі жөніндегі комитет келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:
-ҚР мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру, студент жастардың әлеуметтік қорғалуы мен құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету;
-колледж жастарының санасына отаншылдықты, рухани-адамгершілікті сініру;
-өзін-өзі басқару және қызығушылықтары бойынша құрылған клубтардың, колледждің қоғамдық ұйымдарының жұмысын        үйлестіру;
-студент жастар арасындағы құқық бұзушылық, жемқорлық іс-әрекеттер мен діни экстремизмге қарсы алдын алу іс-шараларын         ұйымдастыру;
-қоғамдық-саяси, адамгершілік, этно-мәдени және салауатты өмір салтын насихаттайтын іс-шараларды     ұйымдастыру;
-студенттер арасында темекі тартатын студенттер санын азайту, нашақорлықпен күрес мақсатында сауықтыру-тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу;
— мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін іс-шараларды ұйымдастыру;
-мәдени және шығармашылық дүниетаным элементтерін, аға буынға деген ілтипатты, адамгершілік-психологиялық қарым-қатынасты насихаттауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру.

 

     Колледждегі жастар ұйымы
Бүгінгі таңда жастар саясаты, оларға көрсетілетін тәлім-тәрбие мәселесі, жастарды әлеуметтік жақтан қорғау маңызды сұрақтар қатарынан орын алады.
Жастар саясатын дамытудың аталған бағыттары – үкімет пен жастар ұйымдары арасын байланыстыратын, біріктіретін ортақ мүддеміз.
Жастар саясатын дамытуда колледжіміз Мемлекеттік деңгейде қабылданған заңдар мен шешімдерді басшылыққа алып жұмыс жасауда.
Оқу орнымызда жастарды мемлекеттің, халықтың рухани-адамгершілік ұстанымдарымен қаруландырып, жоғары мәдени өркениет кеңістігін жасауға дайын маман, кәсіп иесі ретінде тәрбиелеуде төмендегі бағыттар бойынша мақсатты жұмыстар атқарылуда:
-тұлғаның адамгершілік, азаматтық қасиеттерін кемеліне жеткізу;
-саналы азаматтық көзқарасын оятып, Қазақстан Республикасының дамып-гүлденуіне мақтаныш сезімін, патриоттық жігерін қалыптастыру;
-қоғамдағы жаңалықтар тоғысын саналы, сабырлы пайымдау мінезін, шынайы шешімдерді қабылдау мәдениетін, толеранттылықты қалыптастыру;
-өз ортасындағы, қоғамдағы белсенділікке, жауапкершілікке, қайырымдылыққа деген ынта-ықыласына жол ашу;
-тұлғаның үздіксіз жетілуіне тірек болатын қабілеті мен дарынын шыңдау.     Колледжімізде ұйымдастырылатын барлық тәрбиелік іс-шаралар көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді орындауға бағытталған.
Бүгінгі жастар – ертеңгі тізгін ұстар мамандар, қоғам қайраткерлері. Оларға дұрыс бағыт беріп, мемлекеттік жастар саясатының бір бағыты болып табылатын «кадрлық резерв» мәселесін қалыптастыру да колледж қабырғасынан басталу керек. Аталған бағыт та колледж ұжымында өз шешімін тапқан.Жастар ісі жөніндегі комитет – мемлекеттік ұйымдар мен колледждегі жастар ұйымын байланыстырып, жастар саясатын дамытуға қатысты іс-шараларды жүзеге асыруға үлес қосады. Жоғарыда аталған тәрбие жұмыстарының мақсаты мен міндеттерін орындауда белсенділік көрсетеді.