Жатақхананың ішкі тәртіп ережесі

Жатақхана өмірі

Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылық колледжінің жатақханасында жатақхана студенттер кеңесінің төрағасы Е.Бектұрғанов жатақханада өткізілетін қоғамдық шараларды талқылау барысында дөңгелек үстел өткізді

Жатақхана студенттері бос уақыттарын жатақхана ішінде ашылған «Жаттығу залында» өткізеді.

Колледж жатақханасында тәрбиеші Мусин Е.С. кезекшілігінде білім алушыларға «Ұлы дала зары» атты кино көрсетілді

Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана деп Ә.Кекілбаев атамыз айтқандай жатақхана білім алушыларының кешкі бос уақытын ұйымдастыру кезеңі.

«Қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» деп Абай атамыз айтқандай, қазақ халқы қашанда баланы еңбекпен баулуға аса мән берген. Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылық колледжінің студенттері де, жатақхана ауласын қардан тазалап, бүгінгі бос уақытын еңбек етуге арнады.

Жатақхана білім алушыларының бос уақытын өткізуі

 «Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, жылы да жұмсақ сөз айту, алғыс білдіру мен мейірім таныту ең үлкен құндылық. Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылық колледжі жатақханасының тәрбиешісі Тургалиева Айнур студенттермен бір – біріне жылы лебіз, жақсы тілек, орнықты ойын білдіруде.