2022 жылдың 16 ақпан күні колледжіміздің «Технология» бөлімінің дене тәрбиесі және спорт пәнінің оқытушысы Болат Шайхсламович Балгожин «Сыбайлас жемқорлық және оның көріну нысандарының себептері» тақырыбының аясында дөңгелек үстел өткізді. Іс – шара барысында сыбайластықтың ауыр қылмыс,қоғамның дерті, онымен күресу баршамыздың міндетіміз екенін айта өтті. Дөңгелек үстелге қатысқан 1 курс, 911 – топ білім алушылары өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейтті.

«Сыбайлас жемқорлықтың және оның көріну нысандарының себептері» тақырыбында «Агротехникалық» бөлімінің оқытушысы  Ешбаева Б.С. студенттермен адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру; Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту; дүние танымдарын кеңейту, патриоттық тәрбие қалыптастыру мақсатында дөңгелек үстел өткізді.