Апта тынысы

Қаңтар айының 21-жұлдызында колледж ұжымымен 2021-2022 оқу жылындағы ІІ семестрінің оқу үрдісіндегі ерекшеліктер мен өзгерістер туралы ақпараттандыру мақсатында колледж басшысының міндетін атқарушы А.И.Балмагамбетова қашықтықтан жиналыс өткізді.

Қысқы каникул кезінде өткізілетін шаралар жоспарына сайкес,бүгін колледж оқытушыларына «Сабақты талдау және өз сабағын талдау — педагогтың кәсіби шеберлігін жетілдірудің жолы» тақырыбындағы семинар өткізілді. Директордың ҒОӘЖЖ орынбасары А.Турмаганбетова және директордың ОӘБЖЖ орынбасары Н.Тілеубергенова ұйымдастырған семинар барысында оқытушылар сабақ талдаудың мақсаты, түрлері мен негізгі критерийлері, оқытушының сабағына өзіндік талдау жасаудағы назарға алатын талаптар туралы толық мағлұмат алды. Семинар соңында оқытушылар тақырыпқа сәйкес ой-пікірлерін,ұсыныстарын білдірді.

Қаңтар айының 20 — жұлдызында колледжімізде « Сабақта ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру жолдары» тақырыбында шебер – класс өтті. Шебер- класс барысында колледж оқытушылары А.Айтекова мен А.Қанбаева сабақ барысында пәнге деген қызығушылықты арттыратын ойын технологиясының элементтерін көрсетті. Шебер – класты ұйымдастырушылар «Тұлғаны таны», «Жаңалық ашамыз» ,»Домино»,»Жұмбақ зат» т.б. әдістер арқылы сабақты нәтижелі өткізудің әдістемесін ұсынып,өз тәжірибелерімен бөлісті.

Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылық колледжінде 19-қаңтар күні қысқы каникул кезіндегі шаралардың жоспарына сәйкес колледждің кадр бөлімінің маманы Д.Айтекова және колледж заңгері А.Рекубратский «Педагогикалық және қызметтік этиканың негізгі нормалары» тақырыбында педагогикалық минимум өткізді. Педагогикалық минимум барысында педагогикалық этика, жұмыс тәртібі туралы мәселелер қарастырылды.

«Жас маман» жобасы аясында жабдықталғанкабинеттерді және құрал — жабдықтарды онлайн форматта ұжымға презентациялау шарасы өткізілді. Презентация барысында колледжіміздің арнайы пән оқытушылары Б.С.Ешбаева мен А.А.Тәжібай «Ауылшаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша тренажер — имитаторларды және «Зоотехния» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы А.Е.Есиркепов жаңа үлгідегі лабораториялық жабдықтармен таныстырды.Жаңаша үлгіде жабдықталған зертханалық кабинеттер білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен шыңдауға мол мүмкіндік береді.

Қаңтар айының 18 жұлдызында Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылық колледжінің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Көңілі көтеріңкі ұстаздың- еңбегі де жемісті» атты колледж оқытушыларына арналған тренинг және «Топ жетекшілерінің құжаттарын дайындау әдістері» тақырыбында мастер – класс өткізілді. Тренинг барысында колледж психологы Т.Жаңаберген оқытушының өзіне деген сенімділігін арттыру, өзін — өзі тану, дамыту бағытында әдістемелік жұмыстар өткізсе, тәжірибелі топ жетекшісі В.Омарова нормативтік құқықтық құжаттарды, білім алушы туралы қажетті ақпараттарды жинақтау туралы өз тәжірибесімен бөлісті.

Қысқы каникул кезінде Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылық колледжінде zoom платформасында «Виртуалды платформаларды сабақта қолдану оқушы белсенділігін арттырудың тиімді тәсілі ретінде…» тақырыбында шебер класс өткізілді. Шебер класта оқытушылар Г.Изтаева «Castlots», «LearningApps», «Jeopardy Labs» Ж.Шакарбекова «Wordwall», «Classroomscreen» және Ж. Тасымбай «Plickers», «Mentimeter» интерактивті жаттығулар жасауға арналған онлайн-ресурстар туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. Шебер класс барысында оқытушылар аталған платформаларда тиімді жұмыс жасаудың мүмкіндіктерімен танысты.

«Кітап дегеніміз — алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», — деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу — әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. 14 қантар күні Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылық колледжі кітапханасында кітапханашылар С.Бермукашева , О.Финютина оқытушылар арасында «Кітапханалық VIP – гид библиографиялық ойын шолу» өткізді. Ойын шарты бойынша оқытушылар екі топқа бөлініп өздерінің ұнатқан поэзия, проза немесе әдеби шығармаларынан үзінді оқу ұсынылды. Шара барысында кітапханашылар абонемент, оқу залы, кітаптардың қалай орналасқаны туралы шолу өткізді. Әр оқырман өзіне ұнаған , оқыған шығармасынан үзінді оқыды. Кітапханашы Ольга Дмитриевна Болат Окуджаваның өленін оқыса, Сара Елтайқызы Ахмет Байтұрсыновтын «Ақбілек» романын әңгімеледі. А.Темірбаева Константин Симоновтын «Жди меня», Ш.Куспанова Тұманбай Молдағалиевтің «Мен сені күттім», Ж.Ешимова С.Есениннің шығармаларын мәнерлеп жеткізсе , Г.Баянтаева Қасым Қайсеновтын, Бауыржан Момышұлының шығармаларын айтып берді.Е.Жалмагамбетов өзінін оқыған романдарына шолу жасап, шара өте қызықты және әсерлі өтті.

2022 жылдың 14 қаңтарында колледж оқытушыларына арналған «Қатаң тәртіптегі құжаттардың толтырылуы туралы нұсқаулықтар» тақырыбында педагогикалық минимум өткізілді. Директордың ОЖЖ орынбасары А.У.Муканова құжаттардың мұқият және талапқа сай дұрыс толтырылуына назар аудару қажеттігін атап өтті.

13- қаңтар тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен Г.Досжан, Ж.Тасымбай топ жетекшілеріне «Ата -анамен жүргізілетін жұмыс түрлері және оларды іске асыру жолдары» және «Қиын білім алушылармен педагогикалық жұмыс жүргізудің кейбір тәсілдері» тақырыбында шебер класс өткізіп, өз әдістемелері мен тәжірибесімен бөлісті.

Қаңтар айының 12- жұлдызында информатика пәнінің оқытушылары С.Сегизбаева мен Н.Есжанова «Виртуалды платформаларды сабақта қолдану оқушы белсенділігін арттырудың тәсілі ретінде…» тақырыбында шебер класс өткізді. Шебер класс барысында «Рadlet», «Canva», «Google» сервистерінің мүмкіншіліктері мен оны сабақта пайдалану ерекшеліктері туралы мағлұмат беріліп, практика жүзінде іске асырылды.

Қаңтар айының 10-21 аралығында студенттердің қысқы каникул кезінде оқытушылардың біліктілігін арттыру және әдістемелік көмек беру мақсатында семинар- практикумдар, педагогикалық минимумдар, шебер кластар жоспарлануда. Сонымен қатар бөлімаралық спорттық сайыстар ұйымдастырылады

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өңірдегі жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін тағайындалған облыстық жастар сыйлығының «ҮЗДІК ЖАС АҚЫН» номинациясымен колледжіміздің «Агрономия» мамандығының 121 топ білім алушысы Сайлаубек Аружан Ұланқызы марапатталды.

Елордамыз Нұр -Сұлтан қаласында 6- желтоқсан күні «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының Республикалық XVII-ші жабылу салтанатына колледжіміздің Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Гүлназ Айтқазықызы және «Метрология, стандарттау және сертификаттау » мамандығының 841 топ студенттері Абилхаирова Райхан мен Жиенбай Жанар Ақтөбе облысы атынан делегация мүшелері болып барып, «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабының жетекшісі Азамат Данияр мырзаның атынан және Ақтөбе облыстық Атамекен құрылыс отряд және «Жасыл ел еңбек жасақтарының » төрағасы Н.К.Мусиннің алғыс хаттарымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ағымдағы жылдың 17-24 қараша аралығында Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылық колледжінде Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталықтың жоспарына сәйкес облыстық «Ақыл-ой империясы» интеллектуалдық сайысы өткізілді. Аталмыш іс-шара жастарды отансүйгіштікке, ел тарихына адал болуға тәрбиелеу, патриоттық сезімін биікке көтеру, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту мақсатында кең көлемде ұйымдастырылды. Сайыс шарты бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының І курс білім алушылары І кезеңде онлайн форматы арқылы берілген тестілеу нәтижелері бойынша іріктелді. ІІ кезеңге іріктеуден өткен 10 үміткердің барлығы 24 қарашада офлайн сайысқа қатысып,тапқырлықтары мен таным, білімдерін сынға салды.

Сайыс нәтижесінде Ақтөбе технико-технологиялық колледжінің білім алушысы А.Қуатжанов І орынды, Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылық колледжінің білім алушысы Ж.Жармағамбетова ІІ орынды, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің білім алушысы Н.Тілектес және «Дүние» колледжінің білім алушысы А.Сағидан ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздар мен қатысушыларға Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы атынан дипломдар, алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.


 Арнайы пәндер оқытушысы Изтаева Гулназ Сексенбаевна  оқытушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ынталандыру, жан жақты білімдерін жетілдіріп, жинақтау мақсатында  «Сабақта оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін қолдану» тақырыбында шебер класс ұйымдастырып, өз тәжірибесімен бөлісті. Шебер – класс барысында Гүлназ Сексенбаевна өзі сабақ барысында қолданатын,өте тиімді,  әрі студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыратын біршама  әдіс – тәсілдерімен бөлісті. Жас мамандар үшін бұл шебер  — класс өте пайдалы болды.

Студенттерді ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу. Белсенділіке, жан -жақтылыққа, уаұытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерденаулақ болуға тәрбиелеу. Студенттік кезең терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу мақсатында 17-қараша студенттер күніне орай «Студенттік өмір — қызықты көңіл» атты тәрбие сағаты өткізілді.

2021 жылдың 10 қазанында арнайы пән оқытушысы А.Н.Молдағазина «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының 422 топ білім алушыларымен оқу полигонында «Кернеу көрсеткіштерін тексеру» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізді. Білім алушылар пән бойынша алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып,кернеу көрсеткіштерін тексеру жолдары туралы өз білімдерін толығынан жетілдірді.

«Агрономия» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы Мырзабекова Асия Наметуллаевнаның 121 топта «Күздік сарымсақ пен жусайды егу» тақырыбында өткізген шебер — класынан бейнекөрініс. Шебер — класта білім алушылар сарымсақ пен жусайдың пайдалы қасиеттері, медицинада және тұрмыста қолданылуы, оларды егу тәсілі және күзде отырғызу кезінде ескерілетін ережелер туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, білім алушылар өз қолдарымен күздік сарымсақ пен жусайды егіп, теориялық білімді тәжірибемен ұштастырды. Шебер — кластың мақсаты болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіріп қана қоймай шебер ұстаздың тәжірибесін насихаттау болатын. Осы орайда, шебер — класқа бірқатар оқытушылар,соның ішінде жас мамандар қатысып,тәжірибе жинақтады.

Қазан айы түрлі әдістемелік шараларға, ашық сабақтар мен сабақтан тыс шараларға, шебер кластарға толы ай болды. Сондай шаралардың бірі «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша білім алып жатқан321-топта өткен шебер класс. Шебер класты арнайы пән оқытушысы Тәжібай Аслан Алпамысұлы «Соқалардың түрлері » тақырыбы бойынша теория жүзінде алған білімін тәжірибе жүзінде көрсетіп,нығайту сондай — ақ, олардың болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру. Шебер — класс барысында оқытушы А.Тәжібай соқалардың түрлері,жұмысы, олардың құрылысы және болатын ақаулар туралы баяндап, білім алушылар соқаның жұмысын іс жүзінде көрсетті.
Колледжіміздің арнайы пәндер оқытушысы Хамитов Дархан «Агрономия» мамандығының 121 топ білім алушыларымен «Жеміс ағаштарын кесу» тақырыбында шебер — класс өткізді. Шебер — класс барысында білім алушылар теориялық білімін тәжірибемен ұштастыра білді. Шебер — класс тек қана білім алушыларға ғана емес сонымен қоса жас мамандарға да өте танымды болды.
Арнайы пәндер оқытушысы Тауасова Динара Нұрболатқызы «Орман шаруашылығы» мамандығының 1331- топ білім алушыларымен «Емен ағашын отырғызудың» ерекшеліктері туралы шебер — класс өткізді. Шебер — класс барысында білім алушылар күз мезгіліндеағаш отырғызудың қыр сырын білді. Теориялық білімін тәжірибемен ұштастырды

2021 жылдың қазан айының 28-29 жұлдызында Жамбыл облысы,Құлан агротехникалық колледжінің базасында  Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы ауыл шаруашылығы саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы болып өтті.  

Республикадағы ауыл шаруашылығы секторын дамыту жағдайында ауыл шаруашылығы саласындағы ТжКОБ ұйымдарының неғұрлым талантты педагогтерін анықтау,кәсіби шеберліктерін жетілдіру және қолдау мақсатында болған бұл конкурсқа  Ақтөбе облысынан Ақтөбе Жоғары  ауылшаруашылық колледжінің «Ветеринария» мамандығының арнайы пән оқытушысы Куанов Дәуренбек Сұлтанғалиұлы мен «Агрономия» мамандығының арнайы пән оқытушысы Хамитов Дархан Баймурзаевич  қатысып келді. Екі кезеңнен тұратын конкурста  қатысушылар теориялық және тәжірибелік дайындықтарын, кәсіби біліктері мен дағдыларын, оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық тәсілдерді пайдалануын, жоғары еңбек мәдениетін және кәсіби-педагогикалық лексиканы қаншалықты меңгергендігін көрсетті. Бірінші кезеңде конкурс қатысушылары мамандық бойынша тестілеуден өтсе, екінші кезеңінде «Ветеринария» мамандығы бойынша

Жануарларға диагностикалық лапоротомия жасау;

Патогенді бактерияларды анықтау (микроскопия);

Жануарларға  дәрілік заттарды енгізу;

УДЗ аппаратымен ұсақ малдың буаздылығын анықтау модулдері бойынша,  «Агрономия» мамандығы бойынша

Топырақ гумусын анықтау;

Жеміс ағашын телу әдісі;

Дәнді дақылдар тұқымдарының орташа сынамасын іріктеу және жасау. Бидайдағы ақуыз құрамын анықтау;

Топырақтың агрохимиялық қасиеттерін анықтау.

Күздік бидайдың көктемгі азықтандыру мөлшерін есептеу модулдері бойынша сынға түсті.

Конкурс қорытындысында  Ақтөбелік педагогтар Д.С.Қуанов «Үздік ветеринарлық хирург» номинациясын жеңіп алса,  Д.Б. Хамитов алғысхатпен марапатталды.