Құрылған жылы: 1977 ж.

Меншік  түрі: мемлекеттік

Мекен — жайы: Актөбе қаласы, Алматы ауданы, Кенес Нокин тұрғындар алабы, Көкшетау көшесі,№2 ғимарат

E-mail:  20801@rambler.ru

Тел.: 8(7132) 994305, 994810

Бағыты: ауылшаруашылық

Оқу түрі: күндізгі, сырттай

 

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының негізгі күші. Аграрлық білім мен ғылымның дамуы арқылы ауыл көркейіп, мемлекет өркендейді. Бүгінгі күні мемлекет агроөндірістік кешеннің дамуы үшін барынша жағдай жасап отыр. Бұл ретте ауыл шаруашылық мамандарына қойылатын талап та заманға сай жаңаруда.Республикадағы ішкі саясатта ауылшаруашылығы мен жоғары білікті маман даярлауға көп көңіл бөлінеді. Агрономдар, орманшылар,мал дәрігерлері, зоотехниктер мен механизаторлар  — осы  мамандықтарды  таңдаған адамдармен ел болашағы тікелей  байланысты. Бұл ұран сөздер емес. Дені  сау мал басы, бітік егін, жерді шебер өңдеу және пайдалану мемлекеттің табысты экономикасының ірге тасы.

Ақтөбе өңіріндегі және жалпы елдегі ауыл шаруашылығының дамуына  Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары  ауыл шаруашылығы  колледжі өзінің елеулі үлесін қосып келеді.

Ақтөбе ауылшаруашылық техникумын ашу идеясы Қазақ  ССР – ы ауыл шаруашылық министрлігінде  туындады. Өйткені  Республикада орта буын ауылшаруашылық мамандары тапшы еді. 1975 жылы «Актюбжилстрой»  мекемесі  оқу  ғимаратының, № 1 жатахана  және  қазандық құрылысын  бастап кетті.

1977 жылдың 18 шілдесінде  Ақтөбе  ауылшаруашылық  техникумын  ашу  туралы  бұйрық шығарылды. Облыстық, аудандық  газеттерге қабылдау туралы хабарландыру жіберілді. «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» және «Агрономия»  мамандықтары бойынша білім алушы қабылданды. Әрбір мамандық бойынша 2 топтан, барлығы алғашқы  қабылдау 120 адамды  құрады. Сабақтар оқу ғимаратының бірінші  және екінші қабаттарында жүргізілді.Онда 14 кабинет, 22 зертхана болды. Үшінші және төртінші қабаттарда білім алушыларға, оқытушыларға және қызметкерлерге арналған жатахана орналасты.

1999 жылдың 18 қаңтарында  Ақтөбе  облысы  әкімінің № 1 шешімімен және 1999 жылдың 14 қаңтарында облыстық білім басқармасының № 12 бұйрығымен мемлекеттік мекеме “Ауыл шаруашылық  колледжі” болды.

2004 жылдың 5- шілдедегі Ақтөбе облысы әкімінің № 163 қаулысы негізінде «Ауылшаруашылық колледжі» «Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі» болып өзгертілді.

2018 жылғы 4 мамырдағы Ақтөбе облысы әкімінің № 206 қаулысы негізінде «Ақтөбе  ауылшаруашылығы  колледжі» «Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылығы колледжі» болып өзгертілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021жылғы 21 қыркүйектегі № 640 қаулысы  негізінде «Ақтөбе  облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорынының  атауы «Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» болып өзгертілді.

Оқу орны 45 жыл бойы елдің агроөнеркәсіптік кешеніне маман даярлап келеді. Колледждің қазіргі заман талабына сай материалдық – техникалық базасы бар. Колледждің жер учаскесінің көлемі 21.4571 га құрайды, оның ішінде оқу корпусының көлемі 32924 ш.м.

Білім алушылар  жатақханамен қамтамасыз етілген. Колледж жатақханасы 320 орынға арналған. Сонымен қатар колледжде 50 орындық асханасы, 230 орындық акт залы, 50 орындық оқу залы және 13 орындық интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталған, көлемі 355 ш.метр  кітапхана  жұмыс жасайды. Кітап қоры 77469 дана. Ашық стадион, жасанды көгалы бар футбол алаңы, волейбол және баскетбол алаңдары, шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ ойнайтын ашық аудитория, шаңғы және коньки базалары, гимнастикалық зал, жаттығу залы,  хоккей алаңы, жазғы спорт алаңы, типтік спорт залы және  АӘД пәнінен оқу-жаттығу залы және тир жұмыс жасап тұр. Барлық мамандықтар бойынша оқу зертханалары бар : жылыжай, дендробақ, питомник, вивари, автомеханиктер мен механиктерге арналған зертхана, ТҚС, қысқы бақ, электриктерге арналған полигон .

Колледждің материалдық – техникасы базасында ауылшаруашылық  мамандарын сапалы дайындауға толық жағдай бар. Бұл жағдай облыстың алдыңғы қатарлы фермерлік шаруашылықтарында және ауылшаруашлық кәсіпорындарында тәжірибеден өтуге мүмкіндік берді.

Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары   ауыл шаруашылығы  колледжінде  әлеуметтік  серіктестермен  байланыс  дұрыс жолға қойылған. Мысалы: көп жылдан бері облыстың агроөнеркәсіп кешеніне зор үлесін қосып жүрген егін және мал шаруашылықтарымен айналысатын облыстағы алдыңғы қатарлы «Жантизер»  шаруа қожалығы; 600 г егістік аумағы, ірі қара, қой, жылқы  мал басы бар ,егін және мал шаруашылығымен айналысатын «Акбар» шаруа қожалығы; агроөнеркәсіп кешенінде 10 жылдай тарихы бар,  егін және мал шаруашылығымен айналысатын,  елде бірінші болып таңқурай өсіруді жолға қойған ЖШС «Болат ЛТД»;  ірі, заман талабына сай Қазақстанда индустрияландыру жоспарына кірген 70 мекеменің бірі ЖШС «Парижская коммуна – ХХІ»; 80 мын бас ірі қараға арналған бордақылау алаңы мен  репродуктор  Ақтөбе  ет кластері «Актеп».

Колледж  түлектері облыс  пен республиканың  ауыл  шаруашылық  секторында абыроймен  еңбек  етуде.

Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе Жоғары ауыл шаруашылығы колледжі  Қазақстандағы және  шетелдік оқу  орындарымен , яғни   Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті және Орынбор Мемлекеттік Аграрлық Университетімен тығыз  байланыста. Жоғарыда аталған оқу орындарының ғалымдары колледж оқушылары мен оқытушыларына арнайы дәрістер мен семинарлар өткізіп тұрады.

Білім сапасы материалдық – техникалық базасына қатысты, дегенмен көп жағдайда ұжымның кәсіби деңгейіне де байланысты. Оқу орнында қазіргі таңда 78 оқытушы еңбек етеді.

Білім алушылар контингенті : 859 адам (күндізгі  – 605, сырттай  – 252)

Педагогикалық қызметкерлер:  78 адам.

Педагогикалық қызметкерлер сапасы :

Ғылым кандидаты – 1

Жоғары санатты  – 14

Бірінші санатты – 15

Екінші санатты – 18

«педагог – зерттеуші» – 6

«педагог – сарапшы» – 1

«педагог – модератор» – 1

 Магистр – 19

Жас мамандар  – 22

Колледж  қазіргі таңда 15 мамандық бойынша маман дайындайды:

08110100 «Агрономия»

08410100 «Ветеринария»

08110500 «Зоотехния»

07161600 «Ауылшаруашылығын механикаландыру»

07310300 «Жерге орналастыру»

07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

07130200 «Электрмен қамтамасыз ету» (салалар бойынша)

08210100 «Орман шаруашылығы» (түрлері бойынша)

07880100  «Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша)»

04110100  «Есеп  және аудит»

08210200  «Аң шаруашылығы және аңшылық»

07140100 «Технологиялық процестерді басқару және автоматтандыру»

08120200 «Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру»

07161700 «Ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу»

Білім алушылардың  бос  уақытын  ұйымдастыру  мақсатында колледж  жанынан  әр  түрлі  үйірмелер, спорттық  секциялар  ұйымдастырылған.  Білім алушылардың тиімді әрі қызықты өтуі үшін акт залы, шәкірттер сарайы, студенттер сквері бар.

Мекемені  2022 жылдың ақпан айынан бастап Педагогика ғылымдарының  докторы, доцент, физика – математика ғылымдарының кандидаты, бірінші санаттағы басшы Алдияров Касымбек Тулеуович  басқарады.