КОЛЛЕДЖДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕСІ:
Колледжің әдістемелік мәселесі:
Мамандарды кәсіби даярлаудың сапасын білім беретін инновациялар мен технологиялар арқылы арттыру және жетілдіру
Колледж әдіскерлері:
Тілеубергенова Назгүл Жолымбетқызы
Байланыс телефондары: 8-707-883-19-28
Иса Мінаура Маратқызы
Байланыс телефоны: 8-747-320-60-78
Әдiстемелiк кабинеттiң мiндеттерi
-
Бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асыруда ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыздандыру.
-
Бiлiм беру процесiнiң жаңа түрлерiн, тәсiлдерiн, әдiстерiн, технологияларын әзiрлеу және енгiзу, қолданыстағыларды жетiлдiру.
-
Оқытушылардың кәсiби шеберлiгi мен бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз ету, шығармашылық ойлау қабiлеттерiн дамыту, педагогикалық ұжымның ғылыми-әдiстемелiк мүмкiндiктерiн жетiлдiру.
Әдiстемелiк кабинет жұмысының негiзгi бағыттары
— озат педагогикалық тәжiрибенi зерттеу, қорыту, хабарлау;
— педагогикалық семинар, практикум, конференцияларды қамтамасыздандыру;
— әдiстемелiк көрмелер (презентациялар) өткiзу;
— жалпы және жеке психологтік-педагогикалық, дидактикалық және басқа сұрақтар бойынша топтық және жеке кеңестер ұйымдастыру;
бiлiм беру мен тәрбиелеу қызметi түрлерi бойынша ең жақсы әдiстемелiк зерттемелердi жинақтау мен жүйелеу;
— оқу процесiне оқу-бағдарламалық құжаттарды, әдiстемелiк нұсқауларды енгiзу мен олармен қолдану бойынша жұмысты ұйымдастыру;
— әдiстемелiк кеңестi ұйымдастыруға көмектесу;
— оқытушылардың өз бетiнше бiлiм алуына көмек көрсету;
— жаңа педагогикалық технологиялар, инновациялық жұмыстар, орта кәсiби бiлiм берудiң даму бағыттары мен мазмұны туралы жарамды ақпараттандыру.