Колледж педагог- психологы

Мырзаханова Айдана Саматқызы 

КОЛЛЕДЖ ПСИХОЛОГЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Мақсаты: Студенттің тұлғалық және кәсіптік бағытта өзін-өзі жетілдіруіне, психологиялық көмек көрсету. Студенттік өмір салтына және жеке тұлға ретінде қалыптасуға бейімдеу.
Міңдеттері:
1) Колледжде жағымды психологиялық климат орнату;
2) Студенттерді сапалы білім алуға мотивациялау және өмірлік ұстанымын белсендіруге бағыттау;
3) Студенттердің, оқытушылардың және қызметкерлердің психологиялық денсаулықтарын қолдап, сақтауға көмек көрсету;
4) Коммуникативті құзыреттілік және дағдылар арқылы студенттер мен профессорлық — оқытушылар құрамы арасындағы психологиялық байланысты дамытып, нығайту
Келесі бағыттар бойынша психологиялық көмектер көрсетіледі:
1. Студенттер, олардың ата-аналарына, колледж  қызметкерлеріне психологиялық кеңес;
2. Психодиагностикалық жұмыс;
3. Психотүзету және тренингтік жұмыс;
4. Психопрофилактикалық және психологиялық қызмет.
Жеке мәселелермен кеңес беру тәртібі:
• Жеке қиыншылықтар бойынша жеке кеңес беру;
• Танымдық қабілеттеріне психоболжау жасап, оларды дамытуға арналған кеңестер беру;
• Тұлғалық қасиеттерінің психоболжамын жасап және оқуға бейімделудегі өзін-өзі дамытуға, тануға қажетті қасиеттерін анықтау;
• Тұлғааралық қарым-қатынастағы келіспеушілік жағдайларының себептерін анықтауға көмектесіп, қиын жағдайлардаң шығу жолдарын көрсету.
Жеке тұлғалар алған нұсқаулықтар бойынша немесе өз еркімен кеңес беру–сабақтарына жазылуға болады: (жеке, топтық)
1. Танымдық қасиеттерді дамыту бойынша (зейін, ес, қиял, ойлау және т.б.), сонымен қатар шығармашылық ойлау қабілетін дамыту бойынша;
2. Күйзеліс жағдайларындағы эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру бойынша;
3. Коммуникативті қабілеттерді және дұрыс қарым-қатынасты орнату дағдыларын дамытуға қатысты;

Колледж психологы А.С.Мырзаханова білім алушылардың мінез-құлқын типін анықтау мақсатында Беловтың темпераментті анықтау тестін жүргізді.

Колледж психологы А.С.Мырзаханова топ ұжымы ішіндегі әлеуметтік баспалдақты анықтау, сондай-ақ лидерлікке бейімділік қабілеттерін анықтау, топтағы қалаулы және қалаусыз, оқшауланған студенттерді анықтау мақсатында «Социометрия» әдісін жүргізді.

Колледж психологы А.С.Мырзаханова  оқытушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін еркін сезінуге көмектесу мақсатында «Мен саған сенемін» тақырыбында психологиялық жаттығу өткізді.

Колледж психологы А.С.Мырзаханова  «Технология және ет өнімдері» бөлімінің қыздарымен кездесіп, «Қызға қырық үйден тию» тақырыбында психологиялық тренинг  өткізді.

Колледж психологы А.С.Мырзаханова  білім алушылардың өздерінің эмоцияларын түсінуге және өзара жағымды қарым- қатынас орнату мақсатында «Агрономия» мамандығының 111 топ студенттеріне релаксациялық жаттығу өткізді.

Колледж психологы А.С.Мырзаханова колледжішілік ата-аналар жиналысында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтау мақсатында сауалнама алды

Тренингтік сабақтардың тақырыптары:
1. Бейімделу мәселелері. Жаңа оқыту түрлері мен әдістеріне бейімделу;
2. Келіспеушілік жағдайларда психологиялық көмек;
3. Жеке тұлғааралық қарым-қатынастар;
4. Қарым-қатынастың оңтайлы әдістерін меңгеруге көмек;
5. Өз-өзіне деген сенімділік;
6. Шешендік шеберлік немесе коммуникативті қабілеттерді дамыту;
7. Көшбасшылық қабілеттерді дамыту;
8. Адамгершілік тәрбие және патриоттық сезімдерін дамыту;
9. Академиялық топтың ұжымдық бірлігі